Сарапшы Сиань қаласының ерекшелігін атады
«Қытай – Орталық Азия» саммитіне қатысу үшін 5 мемлекеттің басшысы Сиань қаласында бас қосады.
Президенттер деңгейінде тұңғыш рет өтіп өткелі отырған жиынның маңызы зор. Ең алдымен экономикалық байланыстарды тереңдету көзделген. Сондай-ақ жаңа логистикалық мүмкіндіктерді қарастыру жағы да күн тәртібіне шығуы мүмкін.
Әлемде геосаяси жағдай ушығып тұрғанда дипломатиялық диалог орнату өте маңызды. ҚХР Сыртқы істер министрі Цин Ганның алғашқы саммитте сөйлеген сөз осыған саяды. Ал халықаралық шараның Сиань қаласына ұйымдастырылуының өзі кездейсоқ емес.
Су Чан, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы:
- Сианның ерекше геосаяси жағдайы - Орталық Азияға бағытталғанында. Ол Қытайдың шығысы мен оңтүстігін байланыстырады. Елдің орталық қаласы деп айтуға болады және Орталық Азия мен ҚХР-ның жағалау аймақтарын байланыстырады. Бұдан бөлек, гуманитарлық және тарихи артықшылықтары бар. Сиань ежелгі астана, Ұлы Жібек жолы осы жерден басталды. Сондай-ақ, мұнда Орталық Азия елдерінен келген көптеген студент оқиды.
Былтыр Қытайдың Орталық Азия елдерімен арадағы тауар айналымы 70 млрд долларға жетті. Биылдың алғашқы тоқсанында көрсеткіш 22 пайызға өскен. Демек осы динамика жалғаса берсе, жыл соңына дейін өсім болады.
Лю Чан, Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының сарапшысы:
- Биыл Қытайда "Қытай - Орталық Азия" және "Бір белдеу – бір жол" форумы өтеді. Бұл екі маңызды шара Орталық Азиямен тығыз байланысты. Егер біз оны Қытайдың әлем елдері ынтымақтастығымен салыстыратын болсақ, онда бұл формат маңызды. Мен сондай-ақ жоғары деңгейдегі дипломатияның үлкен рөлін және оның жан-жақты сипатын атап өтер едім.
Аймақ елдері ҚХР-мен терроризм, сепаратизм, экстремизм сынды "үш зұлымдық күшімен", сондай-ақ есірткі трафигі трансұлттық қылмыс секілді зұлматпен бірлесе күресуде.