Қ. Тоқаев Сингапур президентін қарсы алды

Сингапур Президенті Астанада.

Елге Мемлекеттік сапармен келген Халима Якобты Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Делегациямен жүздескен соң, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Сосын екі елдің әнұрандары орындалды. Осыдан соң тараптар келіссөз жүргізді. Бұған дейін хабарланғандай, кездесу барысында Қазақстан мен Сингапурдың саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы талқыланады.