Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапар аясында Мемлекет басшысы мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап, бірқатар кездесу өткізеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.