Қазақстан мен Израиль ынтымағы ілгерілейді
Қазақстан мен Израиль ынтымақтастығы ілгерілейді.
Бұл туралы Израильге ресми сапары барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Ол әріптесі Израиль Парламентінің Төрағасы Амир Оханамен кездесті. Тараптар күн тәртібіндегі бірқатар мәселені пысықтады. Атап айтқанда, бұл елдің суды тұщыландыру, бақылау және цифрлық есепке алу жүйесі таныстырылды. Сонымен қатар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жайы да сөз болды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталды. Ал Кнессет төрағасы елде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалап, ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.