Президент Халықаралық валюта қорының директорымен кездесті
Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады.
Президент ұйыммен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді. «Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық», – деді Мемлекет басшысы. Президент Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдап, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.