Тоқаев ЕҚДБ президентін қабылдады
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті.
Одиль Рено-Бассо шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысына қатысу үшін Қазақстанға арнайы келген. Жиында елімізде энергетика, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны іске асыру талқыланды. Сондай-ақ тараптар Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы қызметінің әлеуеті мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары жөнінде пікір алмасты.