Президент жұмыс сапарымен Түркістанға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгін Президент Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді. Жиынға құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.