Мемлекет басшысы: Өскелең ұрпақ тәрбиесі – маңызды мәселе
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұрпағы тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтті.
Бұл саладағы кемшіліктер бар екені белгілі. Десек те ата-аналар баланы мемлекет, Үкімет не қоғам үшін емес, ең алдымен, өзі үшін дүниеге әкеледі. Әрбір ата-ана саналы ұрпақ өсіруге баса мән беруге тиіс,-деді Президент.
«Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – өте маңызды мәселе. Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл – ең алдымен, үлкендердің кінәсі.»