Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев елге келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді.
Екі елдің көшбасшысы қос тараптың стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар саяси диалогты, сауда мен экономика нығайтуға ерекше назар аударды. Инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге көңіл бөлді. Сондай-ақ Президенттер Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру маңызды екенін атап өтті. Алдағы уақытта Қазақстан Германиямен мұнай-газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтеді.