Батыстағы қос кәсіпорында болған апаттардың себебін тексеру барысы қаралды
Мемлекеттік комиссия отырысында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында орын алған апаттардың себептерін тексеру жұмыстарының барысы қаралды.
Тексеріс нәтижесінде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда апат қаупі жоғары екендігі анықталып отыр. Станса жабдықтарының әбден тозығы жеткен. Орын алған апаттар шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жұмыстары жалғасуда. Премьер-Министр алдын алу шараларын іске асыруды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.