Президент «Онлайн платформа және онлайн жарнама туралы» Заңға қол қойды
«Онлайн платформа және онлайн жарнама туралы» Заңға Президент қол қойды.
Мұндай құжат Орталық Азия елдерінде алғаш рет қабылданып отыр. Еуропалық Одақтың digital сервис акты деген заңнамасына негізделген құжаттың басты мақсаттарының бірі – қаржы пирамидасы және басқа да интернет алаяқтардың алдын алуға мүмкіндік береді, - дейді сарапшы Айгерім Құсайынқызы. Оған қоса ғаламторды пайдаланушылар арасындағы жауапкершілік те артпақ.
Айгерім Құсайынқызы, цифрлық құқық бойынша сарапшы:
- Жалпы бұл заңдағы ерекшелік бізде Қазақстанда қаржы пирамидасы бойынша алаяқтық артып кеткен болатын. Бұл заң сол алаяқтықтың алдын алуға байланысты кез келген қазақстандық тұтынушы сайтқа кіріп, жарнаманы оқыған кезде ол жарнама жалған ба, қандай ақпараттар берілген, оны инфлюенсер берген бе, оны сайттың иесі тексеріп көрген бе ақпарттың шынайы не шынайы еместігін. Осының жауапкершілігі арта түседі.