Депутаттар Павлодардағы аурухананы жөндеу жұмысының барысымен танысты
Respublica партиясының депутаттары Павлодар қалалық аурухананы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Ірі әлеуметтік нысандағы күрделі жөндеу мерзімінен бұрын жүріп жатыр. Десе де, халық қалаулылары медициналық нысандағы жұмыстарды жіті бақылауда ұстау қажет дейді. Себебі құрылыс жұмыстары қызған шақта маман тапшылығы туындауы мүмкін. Мердігер ұйым өкілдері жөндеуді жеделдету мақсатында жұмысшылар санын айтарлықтай көбейткен. Қазіргі уақытта құрылысшылар саны 100-ден асқан. Ендігі мақсат межеленген жоспарды сапалы әрі уақытында аяқтау. Ғимараттың бірінші кезеңі жөндеуден соң қазан айында тапсырылады. Ал қалған бөлімшелеріндегі жұмыс келер жылдың басында бітпек. Емдеу мекемесін заманауи стандарттарға сай жөндеуге 12 млрд теңге бөлінген.
Сырымбек Тауұлы, Respublica партиясының тең төрағасы:
- Енді қабылдаған кезде тапсырыс берген адам, құрылысты соққан адам, аппаратты әкелген адам және дәрігерлер болып, бірге қабылдасын шешімге келу керек деп отырмыз. Неліктен? Ертең тапсырыс берген жергілікті құрылыс басқармасы ол медициналық аппараттарды түсінбейді. Дәрігерлер ертең алып қойса, отказ бере алмайды. Сондықтан үш тарап бірігіп қабылдап алған дұрыс.