Қазақстан-Солтүстік Македония арасындағы ынтымақтастық
Астанаға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалып етіп жатқан Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи келді.
Сапары барысында екі елдің ведомства басшылары кездесу өткізіп, ынтымақтастық мәселесін талқылады. Нақтырақ айтсақ, қос тарап сауда айналымының, оң динамикасын құптады. Былтыр бұл көрсеткіш 5 жарым есе өскен еді. Енді Қазақстан экспорттық тауарларды артырып, 350 млн долларға жеткізуге дайын. Одан бөлек, экология тақырыбы талқыланды. Екі ел өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүдделі. Жаһандық геосаяси ахауал да айтылды. Мұрат Нұртілеу әлемдегі тұрақсыздық, һәм қақтығыстарды тоқтатуға көмектесуге дайын екенін жеткізді.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Жаңа технология, энергетика, ауылшаруашылығы, тау-кен, туризм сияқты перспективиялық салаларға өңіл бөлуге дайын екенімізді растадық. Екі елдің теңізге тікелей шығатын жолы болмағандықтан қос мемлекет үшін сауда маршруттарын дамыту аса маңызды. Азаматтарымыз үшін визасыз режим енгізу мүмкіндігі де талқылады. Біздің ойымызша мұндай шаралар көптеген салаларды дамытуға негіщз болады.
Буяр Османи, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі:
- Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының белсенді мүшесі. Ұйым қазір қиын жағдайды бастан өткеруде. Жаһандық геосаяси ахуал әлем қауіпсіздігіне ықпал етіп отыр. Оның ішінде, Ауғанстандағы жағдай бүкіл Орталық Азияға әсер етті. Климаттың өзгеруі де өте өзекті мәселеге айналды. Біздің ұйым су, энергетика салаларындағы түйткілдерді шешуге көмектесуге дайын. Қазақстандағы реформларды жоғары бағалаймыз және оны жалғастыруға қолдау көрсетеміз.