Президент кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық кино индустриясын жаңғырту қажет.

Мемлекет басшысы кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдап, еліміздегі кинематография саласын дамыту жайын талқылады. Себебі ол дәстүрлі мамандық иелерін цифрлық креативті индустрияға қайта даярлау бойынша сәтті жобаларымен көзге түскен. Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытуға және шетелдік мамандарды тартуға "Кинематография туралы" заң мүмкіндік беретінін айтты. 

Тимур Бекмамбетов, кинорежиссер:

- Мен еліміздің әр түкпірінде дарынды жастардың барына сенімдімін.  Біз Қазақстанда киноның жаңа тілі - скринлайфты дамытуға үлес қосамыз. Ол біздің экран әлеміндегі цифрлы өміріміз. Өйткені көп уақытымыз компьютер алдында өтіп жатыр. Міне Президент екеуміз осыны өнер арқылы қоғамға жаңаша жеткізу қажеттігін талқыладық.