Шекара бөлімшелері Қазақстан аумағын күзетуді үздіксіз орындап келеді
Шекаралық бөлімшелер ел аумағын күзету жөніндегі міндеттерді үздіксіз орындап келеді.
Олар жыл басынан бері 1183 құқық бұзушылықты анықтап, жолын кескен. Атап айтқанда, Қазақстан шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен 68 адам, шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзған 703, аумақтық және ішкі суларының тәртібін сақтамаған 68 азамат және мемлекеттік шекара режимін бұзған 344 адам жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек шекаралас жатқан елдерге заңсыз өтіп кетуге тырысқандар анықталған. Өткен айда Қазақстан-Ресей кедендік аумағын заңсыз кеспек болған 200-ден астам шетел азаматы ұсталған. Оларға қатысты Қазақстан Республиксының әкімшілік-құқықтық шарасы қолданылып, елден шығарылды.
1183 адам мемлекеттік шекара тәртібін бұзған
ҚР мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кескен 68 адам
ҚР шекара аймағында шекара режимін және жекелеген жерлерде болу тәртібін бұзған 703 адам
ҚР аумақтық және ішкі суларының режимін бұзған 68 адам
ҚР мемлекеттік шекара режимін бұзған 344 адам