Қ.Тоқаев Prometheus School мектебіне барды
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Прометей скул мектебіне барды.
Президентке, білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектептегі авторлық оқу әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды. Мектеп былтыр қарашада ашылған. 840 оқушыға арналған. Аумағы 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін, білім гранттары бар. Гранттар санын жыл санап арттыру жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндағы білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.