Мемлекеттік кеңесші Еуропарламент депутаттарымен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Еуропалық Парламенттің шет ел істері жөніндегі комитетінің төрағасы Дэвид Макаллистер бастаған делегациямен кездесті.

Кездесуде тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кең көлемдегі әріптестік және ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасына, сондай-ақ парламентаралық қатынастарға оң бағасын берді. Ерлан Қарин еуропалық депутаттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде соңғы жылдары жүзеге асқан реформалар туралы егжей-тегжейлі айтты. Өз кезегінде, Еуропарламент өкілдері Қазақстанда іске асып жатқан институционалдық реформалардың демократия қағидаттарын нығайтуға, заңның үстемдік құруын қамтамасыз етуге және адам құқығын сақтауға бағытталғанын атап өтті.Сонымен қатар тараптар бірқатар халықаралық және өңірлік мәселелер төңірегінде пікір алмасты.