Мемлекет басшылары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде бой көрсетті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесіне барды.

Мұнда тәжіктің ұлттық киімдері, кілемдер, маталар, қыш бұйымдары және музыкалық аспаптар қойылған. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидек, көкөніс, қақталған жеміс пен тәтті өнімдер ұсынылған. Іс-шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр.