Шекарадағы жағдай реттеліп келеді
Қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Тәулігіне шекараны шамамен 350-400 көлік кесіп өтеді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке жағдайды реттеуді тапсырған еді. Әрі тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізуді міндеттеген. Осыған орай шекара қызметі өткізу пункттерінде кешенді шараларды іске асырып жатыр. Екі елдің фискалдық органдары көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл бойынша да жұмысты күшейтті. Мұның бәрі электронды форматта бақылау жүргізуге, тауар айналымын ұлғайтуға және елдердің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.