Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына бірқатар тағайындау жасады.
Атап айтсақ, Президент жарлығымен Серік Жұманғарин және Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болды. Олар бұрынғы лауазымынан босатылды. Сондай-ақ Ішкі істер министрі қызметіне Марат Ахметжановтың орнына Ержан Сәденов келді. Бұған дейін ол министрдің орынбасары қызметін атқарған еді. Ал Марат Қарабаев жаңадан құрылған Көлік министрі болып тағайындалды. Мәдениет және ақпарат ведомствасын Аида Балаева басқарады. Ол бұған дейін Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді. Ал Сауда және интеграция министрілігіне, енді бұрынғы вице-министр Арман Шаққалиев жетекшілік етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында да жаңа басшы. Бұл лауызымды Светлана Жақыпова атқарады. Туризм және спорт тізгінін енді Ермек Маржықбаев ұстайтын болды. Ол бұған дейін Ақмола облысының әкімі лауазымында болған. Одан бөлек Ернар Баспаев Президент кеңесшісі, Әсет Ерғалиев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
- Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
- Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
- Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі
- Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі
- Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
- Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі
- Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
- Ермек Маржықбаев, ҚР Туризм және спорт министрі
- Ернар Баспаев, ҚР Президентінің кеңесшісі
- Әсет Ерғалиев, ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі