Экология министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалды.
Ерлан Нысанбаев 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.
2014-2019 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2019 жылғы шілдеден бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.
2021 жылдың мамырынан бастап С.Сейфулин атындағы ҚазАТУ Басқарма төрағасының стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.
2023 жылдың ақпанына бастап осы күнге дейін Астана қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.