Премьер-министр Тараз қаласына барды
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Тараз қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үкімет басшысы өңір активіне Президенттің өңір әкімі лауазымына Нұрбол Жүнісбеков және Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасын қарау туралы хатын оқыды. Кейін ашық дауыс беру жүргізілді. Оған Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихатының 189 депутаты қатысты. Соның 142-сі Қарашөкеевтің кандидатурасын қолдаса, 47 депутат Жүнісбековке дауыс берді. Осылайша, бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысын басқаратын болды.