Түркия президенті Қазақстанға келеді

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған таяу арада Астанаға келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл елордада Түрік мемлекеттері ұйымының 10 жылдық мерейтойы өтпек. Сапар қарашаның 3-іне жоспарланып отыр. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді. Ол бүгін маңызды шараның мән-жайын пысықтау үшін түркиялық әріптесі Хакан Фиданмен екіжақты келіссөз өткізді. Мұрат Нұртілеу, Түркия мен Қазақстан арасындағы берік достық пен мызғымас ынтамақтастықты ерекше атап өтті. Түркия Қазақстанның ең ірі инвесторларының ондығына кіреді. Осыған дейін ел экономикасына 4,7 миллиард доллар көлемінде инвестиция әкелген. Алдағы меже – осы екпінді жоғалтпай, тауар айналымын арттыра түсу деді, -министр.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Екіжақты байланыстардың өзегі – сауда-экономикалық ынтамақтастық. Түркия Республикасы – Қазақстанның 4-ші орындағы сауда әріптесі. Өткен жылы тауар айналымы 6,3 миллиард долларға жетті. Осы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 3,6 миллиард долларға жетіп отыр. Алдағы меже, осы алған екпінді жоғалтпай, тауар айналымын арттыра түсу керек.

Хакан Фидан, Түркия Сыртқы істер министрі:

- «Қазақстан бізге көп жылдар бойы қолдау білдіріп келеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әр реформасын назардан тыс қалдырмай, бақылап келеміз. Қандай жағдай болмасын, біз Қазақстанды әрдайым қолдауға дайынбыз.