Қазақ-неміс қатынасы нығайып келеді
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы былтырдың өзінде 90%-ке өсіп, 10 миллиард еуроға жуықтады.
Бұл статистиканы немістің сыртқы саудасының басшысы айтты. Германиядан келген мейман қазақстандық серіктестерімен кездесті. Фолькер Трайердің айтуынша, алдағы жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай артуы мүмкін. Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы саласында бірнеше келісім бар. Неміс кәсіпкерлері технологияны дамытуға инвестиция құюға дайын. Маңызды шикізатты өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға да ниетті. Бұдан бөлек, қазақ пен неміс логистика мен құрылыста бірге жұмыс істеуге бейілді. Ал біздің ел арқылы Германия Орталық Азияның өзге мемлекеттері мен Қытай нарығына шықсақ дейді.
Фолькер Трайер, Германияның сыртқы сауда басшысы:
- Энергетика, жаңартылатын энергия көздеріне қызығушылық танытып отырмыз. Қазірдің өзінде бұл бағытта нақты жобалар бар. Мысалы, неміс бизнесі сұранысқа ие өнеркәсіп өнімдерін өндіру үшін қажетті шикізатты жаңартылатын энергия арқылы алуды көздейді. Бізге шикізат, энергия және нарық керек.