Қ. Тоқаев Тәжікстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапар 15-іне дейін жоспарланған. Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.