Е. Қарин сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті
Президент Ұлттық құрылтайда мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық құжаттармен сүйемелдеуді тапсырған еді.
Осыған байланысты Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сараптамалық құрылымдардың басшыларымен кездесті. Жиында салаға серпіліс әкеліп, аналитикалық орталықтардың өзара және мемлекеттік органдармен байланысын реттеуге қатысты ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде Ерлан Қарин қазіргі жұмысты үйлестіріп, жетілдіруге, құжаттарды әзірлеуге, сапалы мамандарды даярлауға қатысты негізгі тәсілдерді белгілеп берді.