Мемлекет басшысының Жолдауына шетелдік инвесторлар үн қосты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына шетелдік инвесторлар да үн қосты.
Британиялық компанияның бас директоры Афзал Амин Президент айтқан тау-кен саласын басқару жүйесін жаңғырту бойынша айтқанын қолдайды. Расымен де көптеген елде бұл саланы негізінен жеке компаниялар алға сүйрейді. Ал оларға Қазақстанда тиімді салық және реттеу шарттарын ұсыну ұтымды шешім дейді бизнесмен.
Афзал Амин, London Expertise LTD Және Aremca LTD компанияларының бас директоры:
- Жолдаумен танысып шықтық. Президент маңызды салаларға назар аударды. Басқа шетелдік инвесторлар сияқты біз де Қазақстанда қалып, бизнесті жүргізудің ұтымды инновациялық әдістерін енгізу арқылы әлеуметтік және экономикалық табысқа жету жолында жұмыла жұмыс істеуге ниеттіміз.