Жолдау қырғыз сарапшыларын да бей-жай қалдырмады
Мемлекет басшысының Жолдауы көршілес қырғыз елін де бей-жай қалдырмады.
Стратегиялық құжатта көзделген бағыттардың ішінде қырғызстандықтарды қызықтырып отырғаны – экономика мәселесі. Миллиард долларға жуықтайтын қос ел арасындағы тауар айналымы сауданың өркендеуі, кәсіпорындардың көбеюі мен екіжақты бизнес ортаның кеңеюіне мүмкіндік береді. Маңыздысы, Қазақстан экономикасы қарқын алған сайын Қырғызстанның әлеуеті соғұрлым арта түседі, - дейді Автандиль Арабаев.
Автандиль Арабаев, Қырғызстан президенті жанындағы құқықтық және саяси зерттеулер орталығының басшысы:
- Жолдауда бар-жоғы 3 жыл ішінде орын алатын өзгерістер қозғалған. Кей күрделі мәселелердің шешілуі мұнан да ұзақ мерзімді қажет етуі мүмкін. Елде қуатты экономикалық серпіліс үшін барлық мүмкіндіктер барын Президент Тоқаев өз бастамаларында атап өтті. Бұл өзгерістердің жүзеге асуына Президенттің күш-жігері мен терең білімі жететініне сенемін.