Сарапшы: Президенттің АҚШ-қа сапары өте маңызды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапарының басты мақсаты – БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясың жалпы дебатына қатысу.
Әлем елдерінің көшбасшыларымен екіжақты келіссөз өткізу. Қазақстан Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы Бекжан Садықов Мемлекет басшысының ауқымды жиынға қатысуы – Орталық Азия елдері үшін маңызды тұрақты даму мақсаттарын талқылауға үлкен мүмкіндік дейді.
Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ еуропалық және америкалық зерттеулер бөлімінің басшысы:
- Бұл жерде біздің Орталық Азия аймағының географиялық орналасуына байланысты көп көңіл бөлініп отырғанын ескеру қажет. Біз мұны өзіміздің пайдамызға жаратуға күш салуымыз керек. Яғни, Орталық Азия, Қазақстан арқылы солтүстік пен оңтүстікті, батыс пен шығысты байланыстыратын басты құрлықтық сауда жолдары өтеді. Әрине, оларды дамыту үшін өзге елдермен бірлесіп әрекет етуіміз қажет.