Түркістан облысында 4 ауданның әкімі сайланады
Түркістан облысында 4 ауданның әкімі қайта сайланады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облыстық мәслихаттың шешімімен пилоттық режимде Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарында сайлау өтеді. Үміткерлерді ұсыну 16 қыркүйек пен 5 қазан аралығында жүреді. Кандидаттарды тіркеу 10 қазанда аяқталады. Аудан-қала әкімдерінің сайлауына азаматтар саяси партиялар атынан немесе өзін өзі ұсыну арқылы түседі. Саяси партиялар бір округке бір мүшесін ғана ұсына алады. Өзін өзі ұсынған кандидаттар сол аумақта орналасқан сайлаушылардың 1% дауысына ие болуы керек.
Жеңіс Мақұлбаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлау өтетін аудандық аумақтық комиссияларымыз өз жұмысын бастап кетті. Сайлау учаскелерінің инфрақұрылымдық жағдайы деген мәселе бар. Толығымен қазір дайындық жүргізіліп жатыр. Дауыс беруге байланысты тиісті құралыс-саймандардың барлығы, керек-жарақтар жеткізіліп, өз мерзімінде әр азаматтың сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға толық жағдай жасалатын болады.