«Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммиті
Нью-Йоркте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты.
С5+1 форматында өткен жиында Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері, стратегиялық серіктестікті дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту жайы талқыланды. Сонымен қатар отырыста энергетика мен қауіпсіздікте Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуы мен өркендеуі үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі де айтылды. Бұдан бөлек саммитте америкалық компаниялардың маңызды қазба байлықтарды игеру, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі және басқа да бағыттарды дамыту мүмкіндіктеріне баса мән берілді. Жиын барысында Қазақстан Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын ашу ісінде АҚШ тарапының қолдауына сенім артатынын жеткізді.