Қарағанды облысында 5 қарашада екі аудан мен бір қала әкімі сайланады
Қарағанды облысының тұрғындары 5 қарашада екі аудан мен бір қала әкімін сайлайды.
Атап айтқанда, Ақтоғай, Осакаров ауданы және Приозерск қаласының әкімін халық таңдайды. Пилоттық жоба мәслихат сессиясында мақұлданды. Қазір өңірде саяси науқанға дайындық жұмыстары басталып кетті.
Сандуғаш Асылбекова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
- Кандидаттарды ұсыну 5 қазанға дейін жалғасады. Осы күні сағат 18:00-ден кейін кандидаттарды ұсыну тоқтатылады. Ал кандидаттарды тіркеу 10 қазанға дейін созылады. Сайлауалды үгіт жұмыстарын 10 қазан кешкі сағат 18:01-де басталып, 4 қараша түнгі 00:00-де тоқтатылады.