Аудан әкімдерін сайлау Павлодар облысының 91 елді мекенін қамтиды
Павлодар облысында қала мен аудан әкімін сайлау Ақтоғай, Железин және Шарбақты ауданында өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
87 сайлау учаскесі мен таңдау жасауға құқылы 32 мың тұрғын бар. Алдағы саяси науқанға қызу дайындық жүріп жатыр. Аудан әкімдерін сайлау Павлодар облысының 91 елді мекенін қамтиды. Бірақ кандидаттар әлі тіркелмеген.
Гүлнәр Аманжолова, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Біз ауыл, қала және кент әкімдерінің тікелей сайлауын 2 жылдан астам уақыт бойы өткізіп келеміз. Адамдар мұны өте дұрыс қабылдайды және сайлау процесіне белсенді қатысады деп айтқым келеді.