Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар форумы өтті
Қоғамдағы саяси коммуникация және әлеуметтік желі. Осындай атаумен Алматыда «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар форумы өтті.
Сарапшылардың пікірінше, бүгінде ақпарат кез келген салада маңызды орынға ие. Сондықтан әлеуметтік желідегі барлық қолжетімді, тегін құралдарды дұрыс пайдалана білу керек. Жиында отандық және шетелдік сарапшылар саясат және ақпараттандыру саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ кәсіпкерлік пен жасанды интеллект мүмкіндіктерін талқылады.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Егер ақпарат болмаса, бұл әлемде бәрі хабарсыз қалады. Өйткені әлемді ақпарат билейді. Ақпараттың маңызы, оның қазіргі ең күшейіп кеткені, қазір көбісі үйінде отырып, телевизор көрмейді, мысалы, отырып, газет оқымайды, бәрінің қолында телефон, әлеуметтік желі. Осы әлеуметтік желілерде қалай саясатты қалай жүргізу керек, ақпаратты қалай беру керек елге. Сондықтан да біз саясаттағы ақпараттың маңызына тоқталамыз.