Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жібереді

Қазақстан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстан мемлекетіне гуманитарлық көмек көрсетеді.

Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды. Азық-түлік, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және өзге де қажетті заттар жөнелтіледі. Жүк жақын арада әуе және теміржол көлігімен жеткізіледі. Одан бөлек, үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін құтқарушылар мен кинолог мамандар да көмекке аттанады.