Е. Қошанов: Халықтың алдында жауапкершілік зор
Әр мәселенің артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз керек. Мәжілістің жалпы отырысында төменгі палата төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді.
Барлық ведомство жетекшілері мен депутаттардың басын қосқан отырыста халықтың көкейінде жүрген тұрғын үй, жылу, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі сынды 40 шақты мәселе көтерілді. Кейбірінің шешімін тараптар бірлесе іздеуге уағдаласты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
- Біз әр мәселенің, әр аманаттың артында адам тағдыры тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сайлау науқаны кезінде біз елге уәдемізді бердік. Сондықтан халықтың алдында жауапкершілік зор. Оны Президентіміз де бізге бірнеше рет қадап айтқан болатын. Осы орайда сайлаушылардың талап-тілектерінің толық орындалуы депутаттардың ерекше бақылауында болады.