Әділетті Қазақстанды құруға баршамыз атсалысуымыз керек – Ғалым
Әділетті Қазақстанды құруға барлығымыз атсалысуымыз керек.
Сонда ғана осы игі мақсатқа қол жеткіземіз. Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиев осылай дейді. Ғалым отандастарымызды Республика күнімен құттықтап, мейрамның маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ ұлық мейрамда Қазақстан халқының достығы, жеткен жетістігі мен ұлттық стратегиялық мүддесі мейлінше насихатталуы қажет, деді.
Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі:
- Республика күні біз үшін өте құрметті күн. Біздің алғашқы егемендік декларациямыз жарияланған күн. Әлемді аузына қаратқан 50 елдің қатарына кіреміз деген мақсаттарымыз бар. Сол мақсатымыз жолында бірігуіміз керек. Ол үшін ынтымақ бірлік керек. Республика күнін әділетті қазақстан құру жолындағы арманы орындалатын жолы деп бағалдағанымыз жөн. Ғылыми жұртшылықтың атынан, мен бүкіл елді құттықтап, ел еңсесі биік болсын деп тілеймін.