Ә. Смайылов С. Жапаровпен кездесті
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің делегация басшыларымен бірге Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті.
Бұл шара ұйымға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында өткізілді. Кездесуде Премьер-Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, үкіметаралық форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Айта кетейік, Әлихан Смайылов үкіметаралық жиындарға қатысу үшін кеше Бішкекке барған еді.