Қ. Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға бірнеше елдің басшысылары ресми сапармен келеді
1-ші қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Шара аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Келесі күні Астанаға Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан ресми іс-сапар жасайды. Тараптар Қазақстан мен Мажарстанның түрлі салаларындағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған. Ал 3-ші қарашада елордада Түркі мемлекеттері ұйымынының мерейтойлық 10-шы саммиті өтеді. Оған Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері мен ұйымға бақылаушы мемлекеттердің көшбасшылары қатысады.