Қ. Тоқаев Франция Президентін ресми қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Франция Президенті Эмманюэль Макронды салтанатты түрде қарсы алды.
Қос мемлекеттің басшысы бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін құрмет қарауылының бастығы Президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.