Э. Макронның сапарына қатысты саясаттанушы пікірі
Қазақстан мен Франция энергетика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі.
Бұл бағытта екі елдің әлеуеті жоғары. Қазақстанның инвестициялық климаты жайлы, логистикалық мүмкіндіктері зор. Бұл шетелдік инвесторлар үшін қолайлы орта тудырады. "Әлемдік геосаяси өзгерістер жағдайында Қазақстан Франция үшін тұрақты әрі сенімді серіктес бола алады" дейді саясаттанушы Аман Мәмбеталиев.
Аман Мәмбеталиев, саясаттанушы:
- Франция – ядролық мемлекет. Францияда өте көп атомдық станциялар бар. Және ол атом электр стансасын салатын мемлекеттер арасында көшбасшы. Франция қазір өзінің экономикасын диверсификациядан өткізуде. Ресурс жағынан партнерларды іздеп жатыр. Жалпы, еуропа мемлекеттерінің көбі осы салада әріптес іздеуде. Қазақстан өз орнын тауып отыр. Көп мемлекеттер Қазақстанмен келісімге келіп отыр.