Смайылов Orano S. A. компаниясының бас операциялық директорымен кездесті
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Orano S. A. компаниясының бас операциялық директоры Николя Мас энергетика саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Үкімет басшысы Қазақстан мен Франция энергетика саласында байырғы стратегиялық әріптес екенін атап өтті. Компания Қазақстанда 27 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бұл орайда, “КАТКО” бірлескен кәсіпорыны ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестіктің дәлелі. Біз ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов. Николас Мас Orano-ның Қазақстанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылығын білдірді.
«Қазіргі уақытта бізге екі тараптан да өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал ете алатын ірі жобалар жетіспейді. Сол себепті бүгін мен қарым-қатынасымызды нақты жобалар негізінде жаңғыртуды ұсынғым келеді», — деді ол.