Елімізге Ильхам Әлиев келді
Астанаға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев келді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.
Саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.
Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.