Елордаға Түркия Президенті Ердоған келді
Ол Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысады.
Бұл саммитте Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары да бой көрсетеді. Бүгін Әлихан Смайылов Қырғыз елінің президенті Садыр Жаппаров пен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевті де Елорда әуежайында қарсы алды. Еске салайын, ертең астанада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді.