Мирзиёев Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапатталды

Мирзиёев Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен марапатталды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев марапатталды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Түркі әлемінің бірлігін күшейтуге қосқан елеулі үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёев «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапатталды – делінген хабарламада.