Жамбыл облысындағы Жуалыда 39 сайлау учаскесі бар

Жамбыл облысындағы Жуалы тұрғындары да аудан әкімін сайлап жатыр.

Өңірде 31 мың 286 сайлаушы тірелген. Басшы болуға 3 адам үмітті. Әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Жуалыда 39 сайлау учаскесі бар. Оның 2-еуі жабық түрде жұмыс атқарып жатыр. Сайлау таңғы сағат 06:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Қайрат Сарыбаев, аудан тұрғыны:

- Жуалы менің құтты мекенім балалар. Осы жуалы да туып өстім. Осы жерде еңбек еттім. Осы жерде кәртейіп шал болдық. Жас келсе іске, кәрі келсе асқа дейді. Мына Талғат Мұртазаны. Ол кісімен көп араласқан жоқпын. Бірақ көріп, біліп жүрмін. Бірақ оның әкесін, атасын жақсы білемін. Енді сондай атақты жазушыдан шыққан ұрпақ Жуалыны көркейтеді деп ойлаймын.

Сүйінжан Құрманұлы, №473 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Жалпы осы учаскеде төрағалық еткеніме 9 жыл болды. Біздің сайлау учаскесінің комиссия құрамында 11 адам бар. Ол арнайы мәслихаттың шешімімен тағайындалған. Біздің сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімі 2610 сайлаушы тіркелді. Қазір халықтың белсенділігі жақсы өзінің сайлауға деген белсенділіктерін танытып келіп жатыр.