Атырау облысында 2 ауданның әкімі сайланды
Атырау облысындағы Қызылқоға және Исатай аудандарының тұрғындары өз әкімдерін сайлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қос ауданда 34500-ге жуық сайлаушының 56%-і саяси науқанға қатысты. Сайлау барысын 269 байқаушы бақылады. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін 546 адам дауыс берді.
Азамат Айманакумов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Науқастығы бар, мүгедектігі бар қарт сайлаушылар, олардың жанындағы күтіп отырған адамдары үшін де осы азаматтардың өтініштеріне сәйкес үйден дауыс берулер ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, 2 аудан бойынша сайлау туралы Конституциялық заңның негізінде өтті. Ешқандай құқықбұзушылық болған жоқ. Арыз-шағым келіп түскен жоқ.