Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Президент «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Одан бөлек, Мемлекет басшысы «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.