Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы басталды

Қостанайда XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысады. Сондай-ақ қатысушылар тізімінде мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері және ғалымдар бар. Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталады. Мұнда ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық талқыланады.

Жалпы жиын қортындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Айта кетейік, Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі. Былтыр екіжақты сауда көлемі 27 млрд доларға жетті.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бүгінгі форумда панельдік сессия өтеді. Бірінші залда азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты мәселелер талқыланады. Екінші залда – ауыл шаруашылығы секторына цифрлық технология енгізу. Үшінші залда жастарды ауыл шаруашылығына тарту мәселесі талықыланады. Сондықтан бұл шара жоғары деңгейде өтеді деп сенеміз.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

- Елімізде агробизнеспен айналысып жүрген кәсіпкер аз емес. Жинаған тәжірибеміз де бар. Солармен бөлісіп, және де проблемалық сұрақтар да талқыланады. Ең бірінші, менің ойымша, климаттық проблема. Өйткені Қостанай облысынадғы соңғы 5 жылда екі жыл құрғақшылық болды. Биыл жуын-шашын көп жауып, қаншама қиындықтарды көріп жатқанымызды білесіздер.