Ә. Смайылов Ш. Мирзиёевпен кездесті
Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға барып, іс-шара қарсаңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
Ол Қазақстан Үкіметі Өзбекстанмен ынтымақтастықты серпінді дамытуға бар күш-жігерін салатынын айтты. Сондай-ақ екіжақты сауда-саттық көлемін 10 млрд долларға жеткізу үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Өз кезегінде Өзбекстан көшбасшысы: Барлық мәселеде алға жылжып келеміз, сауда саласында Қазақстан Президентімен келіскен жобалар бізге жаңа белестерге жетуге көмектеседі, деп атап өтті.